Арсыз ұрпақ ұшпаққа шығармайды! Арсыз ұрпақ ұшпаққа шығармайды, Шiрiтiп бiтер бәрiн түбiмiзден. Жоқ әлде осы уақыт жалықтықпа, Бабалар арман еткен күнiмiзден. Арлы қыз бұл қазақта гүл едi ғой, Ар-ұят кеттi бұл күн гүлiмiзден. Бетке тiке қарамай жүр едi ғой, Қысылып, қымтырылып түрiңiзден. Қыздарға неге қорған болмай жүрмiз, Қызғанышты арттырып бiрiмiзден. Осы күнi шынайы қорқу керек, Намыс, жiгер, айбатсыз тiрiмiзден. Аңдарда өз жұбайын қызғанады, Арпалысып намыспен демiн үзген. Аң екеш аң сияқты қызғанбайтын, Бiз қалай айырылдық тегiмiзден. Кердеңдеп жүргенiмiз жараспайды, Кеткенде ынсап сұлтан, бегiмiзден. Қарындасты қор қылған ей, жiгiттер, Намысты ұрпақ шығама тегi бiзден. Елiңнiң ертеңiне алаңдасаң, Қол шығар бiрлiк ойлап жеңiмiзден. Қызға қырық тиымды күнде үйретiп, Келiмсектi қуып шық жерiмiзден. Өзге ұлтқа тигенмен қарындастар, Бағы жанып, бақытты болалмайды. Құшағына кiрген соң бiттi бәрi, Балауса үмiт, балғын шақ оралмайды. Қытайға байлық үшiн тием деген, Қыздарға көңiлiм зор алаңдайды. Қазақтың қыздарына көзiн сүзiп, Бейбақтар несiне олар жалаңдайды. Үйленуге шама жоқ жас жiгiттiң, Басы төмен салбырап салаңдайды. Бүгiнгi көп қыздарда қанағат жоқ, Табысы аз жiгiттi жамандайды. Табысы көп өзге ұлтқа тигенiмен, Балаң мәңгi қазақ боп қалаалмайды. Дүбара ұрпақ пайда боп жатырыңда, Қазақ әнiн шырқатып салалмайды. Бұл дүниеде бәрiнен сорақысы, Дiнiмен дiлiн iздеп табалмайды. Қазақ тiлде шүлдiрлеп сөйлегенмен, Қазақ болып бәрiбiр саналмайды. Осылай шыққан кезде өктем үнiм, Дұға етейiн қол жайып көкке бүгiн. Құдайым бiздi ешкiмге таба қылма, Жарқырап нұрын төксiн көкте күнiм. Осындай кезеңдерде оян дейтiн, Мiржақыптай дарындар керек екен. Қазаққа шын жүректен жаны ашитын, Әр тұлғаның орыны ерек екен. Шахановтай шырылдап шындық айтқан, Сөзi бiзге болатын дерек екен. Өзге ұлтқа күйеуге тигендердi, Қазақ ұлттан шығару керек екен. Қайран менiң қазағым қара нардай, Қалай қиып өз қызын бередi екен. Қызыңды буддист етiп тәрбиелесе, Құдайдың қатты азабын көредi екен. Кедей болсын қазаққа тиiп жатса, Алла өзi берекесiн бередi екен. Құдайдың жерге шашқан ризығынан, Нәсiп болған байлығын тередi екен. Әкесi қазақ, мұсылман боп тұрғанда, Ұрпағы әке артынан ередi екен. Уа қарындас, әпкелер түсiнсеңдер, Болашақ өз ырқыңмен шешiледi. Дiнiмен дәстүрi жат шет елдiктер, Дегенiне көндiрiп есiредi. Адамзаттың қызығы бала болса, Балаңды жат әдеппен өсiредi. Сендегi ғұрыптардың барлығында, Балаңның санасынан өшiредi. Осымен ата-гендiк байланысы, Мәңгiлiкке бұл жерден кесiледi. Өзгенiң салт-санасы бойға сiңбей, Жүрегiң жұлым-жұлым тесiледi. Кешегi ар-намысты қазақ қызы, Қазақпен бiр қайықта есiп едi. Аштан өлiп жатсада шүкiр етiп, Алладан тiлеп жатты несiбенi. Ал қазiргi қыздардың жайын алсақ, Бiр күн қарны тойғанға шаттанады, Қолына алтын жүзiк, сырға тағып, Айфон ұстап жүргенге мақтанады. Есiрiп, ардан безсе жас буындар, Ел сенiмi қалайша ақталады. Жас ұрпақтың тағдыры қыл үстiнде, Қалай қазақ мәңгiге сақталады. Айтайын тағы бiр жай тыңдасаңыз, Ел iшi -алтын бесiк тоңдырмайды, Хақ дiндi түсiнбеген бұл дүниеде, Әйелге құрмет жасап оңдырмайды. Дiнi ислам жүректе иманы бар, Жiгiттер алған гүлдi солдырмайды. Намысы болса егерде қазағымның, Бұндайды ешқашанда болдырмайды. Әр қазақ өз қызына ие болса, Қапияда ешкiмдi қалдырмайды. Ибалы, инабатты қазақ қызы, Құрығын шет елдiкке салдырмайды. От үрлеп шашқанымен аждаһалар, Қайратты өр қазағым алдырмайды. Әрбiр қыз менiң туыс бауырым деп, Ешқайсын құрбандыққа шалдырмайды. Мiне бұл қазақ дейтiн өр халықтың, Әмбеге аян ежелден баба салты, Әдет-ғұрып, дәстүрдi ұмыттықпа? Баба салты нелiктен аласарды. Әрине жоқ, бұл әлi жаңғыруда, Дiнiммен әрi қарай жанданады. Мұсылманмын дегендер дұға жасап. Ақыретке ерекше қамданады. Ал тәкаппар пенделер басын имей, Жаралғанын не үшiн аңдамады. Басында таңдау еркi бола тұра, Ақиқатты жалтарып таңдамады. Арғы өмiрге барғанда бармақ шайнап, Момындарға бас шайқап таңданады. Бұл өмiр дiнсiздердiң жәннаты ғой, Ақша тауып, мал жиып сандалады. Авторы: Төлебек Амалхан

Теги других блогов: қазақ тәрбие ән