Қазақ қызына Уа қалқатай жанарыңа мұң артпа, Көзден жасты, күнде сығып құмартпа. Болашағың емес болар бұлыңғыр, Қайғырма тек қарай берiп тым артқа. Несiне сен өкпелейсiң жылайсың, Жылай берсең сағың сынып құлайсың. Арыңменен ұятыңа бекем бол, Сонда ғана өр жандарға ұнайсың. Әркiмнiң-ақ арманы бар көздеген, Бiрақ оған жету қиын сөзбенен. Бұл дүниеде жұлдыздайын жанбайды, Қайғы-мұңға сабыр қылып төзбеген. Алдан өмiр шаттығына бөлесiн, Жазымышқа амалың жоқ көнесiң. Жамандыққа үйiр болсаң тез сөнiп, Жақсылыққа құмар болсаң өнесiң. Таңдарың да атсын ылғи арайлап, Нұрын төксiн жүрегiңе бар аймақ. Ақпейiлдi адам болып жүре бер, Қара ниет жауызға сырт қарайлап. Қазағымның гүлi болып көгергiн, Көгерген гүл арманы ғой көп ердiң. Ақылы асқан аналардай болсаңыз, Мен қалайша төмен құлап шөгермiн. Шөктiрмейтiн ер жiгiттi өздерiң, Дем бергенде мөлдiреген көздерiң. Қазақ қызы қазақ ұлға лайықсың, Бағы болып кетпеңдершi өзгенiң. Сендер үшiн шырылдайтын жаным бар, Сендер үшiн төгiлетiн қаным бар. Бұл қазақтың болашағын ойласаң, Өзге ұлттан жар iздеме ханымдар. Авторы: Төлебек Амалхан 05.02.2017ж

Теги других блогов: Қазақ әдебиет өркөк