Ұлыңмын қаққан қанатын!
Ұлыңмын жүйрiк, шабатын.
Ұлыңмын қақан қанатын.
Жиырма төрт сағат iшiнде.
Намаздан бақыт табатын.
Намазға көңiл бөлетiн.
Жанына жылу төгетiн.
Аман бол қазақ жастары.
Жаманды, күндеп сөгетiн.
Бiлiм-ғылымды бағатын.
Жалындап, лаулап жанатын.
Қайда жүр қайсар сұңқарлар.
Биiкте қанат қағатын.
Дiнiнен iздеп бақытты.
Табатын ақыр жақұтты.
Асау боп шапқан тұлпарлар.
Бұл күнi неден тарықты.
Көздеген жерге қадалған.
Қадалған жерден қан алған.
Азайып кеттi-ау шамасы.
Батыр ұлдарым жау алған.
Жауға да шапқан бабалар.
Тiреу боп оған аналар.
Қайсар халықтан тек қана.
Қайтпас ұрпағы таралар.
Дiнiмен дiлiн сақтаған.
Бабаларыммен мақтанам.
Екi дүниенi тең ұстап.
Болашақтарға аттанам.
Жерiмдей дархан кең болам.
Барша халықпен тең болам.
Тәуелсiз елдiң тарланы.
Бақытты ұрпақ мен болам.
Дәстүрмен дiндi дәрiптеп.
Барамыз алға жанып тек.
Құранға бұрып назарды.
Оқып жатырмыз әрiптеп.
Жақыннан танып Құдайды.
Жартқанға елiм ұнайды.
Жаннатқа барар жолдарда.
Оңдырмай Алла сынайды.
Сынақтан өткен сүрiнбей.
Жаннатқа кiрер күлiмдей.
Кеудесiн керген жауыздар.
Тозақы болар түбiндей.
Авторы: Төлебек Амалхан