Мұсылмандар көбейдi қарар күлiп, Дiттегенi дiн емес салар бүлiк. Қандай екен мақсатын бiле алмайсың, Сөз сөйлесе шындықты қалар бүгiп. Тек сөздерi ислам дiнiм дейдi, Тақуалық iсiнен бiлiнбейдi. Құдай дiнiн бұзушы миссионерлер, Халықты алдап көздерi күлiмдейдi. Бiлiмсiздiк жайлаған саналарын, Кәпiр дейдi өз туған аналарын. Ойыншық етiп некенi талақпенен, Қор қылды қарындаспен апаларын. Туғанын туысым деп қарамайды, Хақ дiнге iрiткi салып алалайды. Дiнiмдi жамылғы етiп дүр бұзықтар, Шын мүмiннiң жүрегiн жаралайды. Жалғаннан нәр алғанын аңдамайды, Бiрлiк жолын қасарып таңдамайды. Тек сырты мұсылман боп көрiнгендер, Жүрегiн һидаятқа жалғамайды. Қазақтың гүлденгенiн аңсамайды, Талас-тартыс айқайдан шаршамайды, Дiн бiлiмiн тереңнен оқып көрмей, Көркейткiсi келмейдi жан сарайды. Қазақтың дәстүрiне сын айтады, Көп жанарды ерiксiз мұңайтады. Салтымды сандырақ деп бұлар жүрсе, Мәңгiлiк деп қазақты кiм айтады. Қанекей оян қазақ дiнге бет бұр, Мешiтке аптада емес күнде кеп тұр. Исламды жамылған миссионерлер, Өз дiнiңдi дұрыстап бiлме деп тұр. Бабасын адасқан деп айыптайды, Өзiнiкiн дұрыс деп қайтпайды. Бiр Алла тура жолға нұсқамаса, Дертiнен сiрә бұлар айықпайды. Туралықты ту қып едi қайран бабаң, Ұрпақ өстi сөз ұқпас тайраңдаған. Тұп-тура жәннат баққа апаратын, Исламдай асыл дiн қайдан маған. Ақиқаттан қазағым адаспаңдар, Жаман бұзық, жауызға жанаспаңдар. Жаннат бақта мәңгiлiк күн кешедi, Хақ дiнiне шынайы қарасқандар. Авторы: Төлебек Амалхан.

Теги других блогов: продвижение SEO Google