Мерекемiз баянды болғай!!! Әмин! Төлебек Амалхан. Тәуелсiздiк құтты болсын ағайын. Көрдiк қанша зор сұмдықтың талайын. Жеткен кезде аққу көлге дiн аман. Егемендiк естi елдiң самайын. Азаттығым мың сабылып өзiңде елiм аңсаған. Осы жолда жанын берiп қалжыраған, шаршаған. Шырағыңды сөндiрмейдi қанмен жаққан бабалар. Сөндiрмейдi қазағымда намыстылар болса аман. Тәуелсiз ел. Асқақ рухты. Асыл жұртым. Еңселiм. Жан-тәнiмен сенi сүйген ұланыңмын мен сенiң. Жаным барда шырылдаймын барым құрбан сен үшiн. Тыныш табам еш уайымсыз өмiрiм бiтiп, келсе өлiм. Дем бiткенше қорғап өтем тәуелсiздiк бағымды. Қажет кезде берем бәрiн құрбан етем жанымды. Ең бастысы, байлық, мансап, атақ емес мұратым. Ең алдымен күзетемiн намысыммен арымды. Тәуелсiздiк тамырыңды тереңге жай тартынба. Бисмиллә деп иманды жас қанат қақты артыңда. Алла берген асыл дiндi мақсат етiп жолыңа. Тек қана алға, шарықтай бер, гүлден мәңгi қарқында. Тәуелсiз ел. Еркiндiгiм. Азаттығым. Еңселiм. Айбаты бар арыстанның ұланыңмын мен сенiң. Жеңiлмеймiн жаным барда қарсы тұрам қайқайып. Жеңiлем тек тағдырдағы мезгiлiмен келсе өлiм. Тәуелсiздiк құтты болсын ағайын. Қиындықтың жеңiп өттiң талайын. 23 жыл зор шаттыққа бөлеген. Тәуелсiздiк сенен бақыт табайын! 2014 жыл